Балабақшаға жазыл
Баланың аты-жөні: *
Туған күні, жылы, айы:: *
Заңды өкілінің аты-жөні:: *
Заңды өкілінің телефоны және E-mail:: *
Балабақшаға тіркелу

Бала құқығы

  • Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
  • Кемсітушілікті болдырмау
  • Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.
  • Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Заң балалардың жеке және отбасылық өміріне, үйіне, қарым-қатынасы мен беделіне (немесе жақсы атына) кез-келген заңсыз қол сұғудан қорғауы керек.
  • Ата-ананың жауапкершілігі
  • Баланың тәрбиесі үшін негізгі жауапкершілік ата-аналардың мойнына жүктеледі. Егер баланың ата-анасы болмаған жағдайда, бұл жауапкершілік «қамқоршы» деп аталатын басқа ересек адамға жүктеледі. Ата-аналар мен қамқоршылар әрдайым баланың мүддесі үшін әрекет етуі тиіс. Үкіметтер оларға көмектесуі керек. Егер баланың екі ата-анасы бар болса, онда баланың тәрбиесіне екеуі бірдей жауапты.